Компания туралы

«Барыс 2007» ЖШС жаңадан құрылған дербес кәсіпорын болып табылады. Меншік нысаны-жеке.

Негізгі қызмет түрі – макарон және ұннан жасалған кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері өндірісі.

«БАРЫС 2007» ЖШС-нің негізгі міндеті азық-түлік нарығын сапалы, қауіпсіз және әлеуметтік қолжетімді өнімдермен молықтыру болып табылады.

«БАРЫС 2007» ЖШС мақсаты кәсіпорын қызметінің түйіні  ретінде қарастырылатын, оның пайдасы мен беделі тәуелді болатын, өндірілетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты арттыру болып табылады.

250

Жұмыс орны құрылды

14

Макарон түрлері

16

Печенье түрлері

kolos1

Компания тарихы

2007 ж.
point
«БАРЫС 2007» ЖШС кәсіпорны Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысында 2007 жылы құрылды.
2007 ж. бастап 2009 ж. дейін
point
өндірістік үй – жайларды дайындау, кәсіпорынды барлық қажетті энергия ресурстарымен жабдықтау және әкімшілік-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.
2009 ж. 22 қыркүйекте
point
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаев мырзаның қатысуымен»PAVAN Mapimpiati S. P. A.» итальяндық компанияның қысқа макарон өнімдерін өндіру жөніндегі 1-ші технологиялық желісі (жабдығы) іске қосылды.

Бірінші желінің өндірістік қуаты сағатына 3200 кг немесе жылына 25000 тонна қысқа макарон өнімдерін құрады.

150 жұмыс орны құрылды.
2011 ж.
point
өндірістік қуаты сағатына 1500 кг немесе жылына 11 000 тонна ұзын макарон өнімдерін шығаратын екінші макарон желісі іске қосылды.

Жабдықты жеткізуші итальяндық «PAVAN Mapimpiati S. P. A.» компаниясы болды.

Бұл жобаның инвестициялық құны 4 млн АҚШ долларын құрады. Екінші желінің іске қосылуымен ұзын макарон өнімдерінің ассортименті кеңейді.
Қосымша 40 жұмыс орны құрылды.
2016 ж.
point
өндірістік қуаты 700 кг/сағ. «PAVAN Mapimpiati S. P. A.» үшінші технологиялық желісі іске қосылды. Қосымша 12 жұмыс орны құрылды.
Қазір
point
БАРЫС 2007″ ЖШС «MADINA» брендімен макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді шығару бойынша Қазақстан Республикасындағы ірі өндірушілердің бірі болып табылады.

Дипломдар мен марапаттар

«MADINA» макарон өнімдері  экологиялық таза өнім.

Макарон өнімдерін өндіруге арналған шикізат Қазақстан Республикасының солтүстік аудандарынан жеткізілетін жоғары сұрыпты нан пісіру ұны болып табылады.

Шолулар